Tag: мама

Новости

6 Айдан 12 айга дейін тамақтандыру және күтім жасау жөніндегі нұсқамалар

Сәби қанша қаласа сонша рет 24 сағат ішінде кем дегенде 6рет емізіңіз. Емізердің алдында қосамша тамақ беруді бастаңыз.

•Қосымша тамақтандыру үшін:
-қою күріш,қара құмық, ұнтақ ботқасы, қымыр немесе картоп езбесін;
-езілген немесе ұсақ тұралған, майлы емес қайнатылған ет, әсіресе бауыр,балық, жұмыртқа және бұршақ тұқымдастарын;
-түрлі көкөніс, аскөк, ақжелкен,жеміс және жақсы тазартылған,аршылған жаңғақтар беріңіз.

•Сәбиді әр тамақтандырғанда кемінде 150 мл(6-7ай), 180мл(8-10ай), 225мл(11-12ай),тамақ беріңіз.
•Суы көп емес қою тамаққа бір шай қасық сары май немесе өсімдік майын қосып беріңіз.
• Егер бала емшек еметін болса, күніне 3рет тамақ беріңіз.
•Егер балаңыз емшекті шығарылса, күніне 5 рет тамақ беріңіз.
•Баланың қолына өзі шайнап жеуі үшін үлкен емес,ұстауына ыңғайлы тағам беріңіз. Баланың тамақты өз бетінше жеүіне мүмкіндік жасаңыз,бірақ оған көмектесіп отырыңыз.

Толығырақ мына сілтемеден оқыңыз
📍Ибрагим ата 113/1
☎️ 8778 896 12 12 (Call-центр)

Новости

Сәбидің ана сүтін емуінің маңызы зор

Сәбидің тіршіліктегі ең алғаш татар нәрі – анасының сүті. Ана сүті өмірге жана келген сәби үшін бірден-бір таптырмайтын қорек.

Ана сүтін беру интеллектуальды және эмоциональды дамудың жақсы негізін қалайды. Ал ана сүтін ембеген бала, көп жағдайларда, аурушаң болып өседі.

Сәби мұрнында сүт иісін тез сезетін қасиеті дамыған. Соның арқасында жас нәресте ерніне тиген нәрсеге дереу ауыз салып, еме бастайды. Тіпті, туылғанына жарты сағат өтпей жатып оның еміп кетуі таңғаларлық. Ему кезінде баланың бүкіл ағзалары жұмыс істейді.

Бастағы қан айналымы жақсарып, жақ сүйектері мен ауыз, ерін бұлшық еттері тез жетіледі. Оған ең алдымен уыз берілуі де ғажап. Өйткені, уыз құрамы сәбидің әл жинауына, тез ширауына қажетті витаминдерге өте бай. Бір қызығы, бала өскен сайын ана сүті құрамындағы қоректік заттар да қоса өзгеріп отырады.

Бұл – оның ғажайыптығы. Қазақтың әлсіз, әлжуаз балаларды көргенде «уызға жарымаған» деп жатуының мәні осы.

📍Ибрагим ата 113/1
☎️ 8778 896 12 12 (Call-центр)

Толығырақ мына сілтемеден оқыңыз