«Мықты отбасы – мықты мемлекет» эстафетасы

Ұлттық отбасы күніне орай «Сайрам» тұрғын алабының «Наурыз» саябағында «Дені сау жанұя – дені сау мемлекет» Ұлттық бағдарламасы аясында «Мықты отбасы – мықты мемлекет» ұранымен эстафеталық іс-шара өтті. Ұйымдастырушы — №12 Шымкент қалалық емханасы.
Қатысушылар спорттық сайыстармен қатар ән айту мен билеуден жарысты. Үздіктерге алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Бұл эстафетаның мақсаты — отбасыларды біріктіру, бір-біріне деген құрметті одан да арттыру.